ОНКҮНДІКТІҢ 10 ЖЕТІСТІГІ

ОНКҮНДІКТІҢ 10 ЖЕТІСТІГІ

Райымбек батыр атындағы #50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде МИФ пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі қорытындыланды.
✅ Онкүндік ғарыштың 60 жылдық мерейтойына арналды.
✅ Онкүндікке бірлестіктің барлық мұғалімдері белсене қатысты. Тәлімді тәжірибе алмасу алаңы орнатылды.
✅ Білім алушылардың белсенділігі онлайн оқудың оңтайлы қырларын көрсетті.
✅ Басқа пән мұғалімдерінің ашық сабақтарға қатысып, кері байланыстарын ұсынуы әріптестік көмек пен қолдау көрсетудің үлгісі болды.
✅ Математика пәнінің шебер ұстазы Асқарбекова Балымгүл Дайрашқызы қалалық «Онлайн-репетитор» жобасына қатысып, қала көлемінде мастер-класс өткізді.
✅ Цифрлық сауаттылықтың ілгерілеген деңгейі көрініс тапты.
✅ Озық тәжірибемен бөлісу мектептік деңгейде қалып қоймай, қалалық, Республикалық деңгейге құлаш ұрғаны қуанышты жаңалық болды.
✅ Нақты пәндерге қызығушылығы басым оқушылар қатары жаңа есімдермен толықты.
✅ Математика, информатика, физика пәндері арқылы ғарыштық білімге баулу мақсаты ұтымды жүзеге асырылды.
✅ Келесі онкүндіктің мақсат-міндеттері айқындалды.

12 СӘУІР – БҮКІЛӘЛЕМДІК АВИАЦИЯ ЖӘНЕ КОСМОНАВТИКА КҮНІ

12 СӘУІР – БҮКІЛӘЛЕМДІК АВИАЦИЯ ЖӘНЕ КОСМОНАВТИКА КҮНІ

ҒАРЫШ-ҒАЖАП ӘЛЕМ! Ғарыш-құпиясы мол ғажап әлем, көптеген жұлдыздар мен ғаламшарлардың мекені, керемет кеңістік! Ежелден-ақ адамзат аспанда қалықтап ұшуды армандаған. Осы армандар негізінде ұшақ, тікұшақ, зымыран секілді әуекөліктері ойлап табылды. Осыдан дәл 60 жыл бұрын 12 сәуір күні адамзат алғаш рет ғарышқа қазақ жерінен аттанды! Ғарышқа тұңғыш саяхат жасаған Юрий Гагарин болса, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров болды. Ғарыш сапарын жалғастырған Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сияқты батыр ағаларының жолын қууды ниет еткен «Қазғарыш» мектеп-лицейі оқушыларының ғарышқа қызығушылықтары қандай? Мектебімізде «Ғарыш» атты тылсым дүние, ғажап әлемге деген қызығушылықты қалыптастыруда біршама жұмыстар жүзеге асуда. Бірнеше түлек авиация мамандығын алып, бүгінде еңбекке араласа бастады. Тек өткен оқу жылының өзінде ғана оқушымыз Әбдікерім Арыстанбап ғарыш тақырыбындағы ғылыми жұмысын Бразилияда өткен xалықаралық ғылыми жобалар сайысында алтын медальға қорғап, соңынан Мәскеу авиациялық институтының грантын ұтып алды. Бүгінде аталған оқу орнының үздік студенті. Биылғы оқу жылында ғарыш тақырыбын зерттеп жүрген оқушыларымыз аз емес. «Зымыран тасығыштарды қоршаған ортаға, зиянсыз ғарыш кеңістігіне шығару тәсілдерін зерттеу» тақырыбын Сабырбаев Темірлан, «Шағын ғарыштық аппараттарды жобалау» тақырыбын Құралова Айым, «The Greeny құрылғысы көмегімен қоршаған ортаны жақсарту»тақырыбын Сражадин Мади қалалық ғылыми жобалар сайысында қорғап, Республикалық ғылыми жобалар сайысында жүлделі орындар иеленді. Мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері қалалық ғылыми кеңесте қорғаған «Ғарыш негіздері» бағдарламасы бойынша оқушылар ғарыш негіздерін меңгеруді бастауыштан бастайды. Орта буынға келгенде радиоспорт және радиобайланыс, ракетамодельдеу, робот техникасы, STEМ үйірмелері арқылы ғарыш әлеміне қызығушылықтары арта түседі. Ғарыш әлеміне қызығушылық танытатын оқушылар одан әрі ғылыми жұмыстар жазып, зерттеумен айналысуды жалғастырады. Радиобайланыс үйірмесінде Морзе әліппесін меңгеріп, радиоспортпен шұғылданып жүрген оқушылар республикалық чемпионаттарға белсене қатысып келеді.
Әлемге танымал “Байқоңыр” ғарыш айлағына оқушыларымыздың жыл сайын саяхаттауы дәстүрге айналған. Ғарыш айлағының елімізде орналасуы біз үшін үлкен мәртебе! Ғарышкер батыр ағаларымызды мақтан етеміз және үлгі аламыз!!!