АСТРОНОМИЯЛЫҚ АПТАЛЫҚ

АСТРОНОМИЯЛЫҚ АПТАЛЫҚ

АСТРОНОМИЯЛЫҚ АПТАЛЫҚ
🌍🪐
Ақпан айының 5-14 күндері мектебіміздің астрономия, физика пәндеріне қызығушылығы жоғары бір топ оқушылары:
🌐Маерман Арсен-9 в
🌐Шөптібай Мадияр-9 в
🌐Маратова Асия-8 г
🌐Нәсіпқали Нұрсұлтан-8 г
🌐Қабдылманап Айбат-7 д
🌐Жуман Амир-7д
Алматы қаласында орналасқан “Бөбек” ҰҒПБС орталығының обсерватория базасында өткен дәстүрлі Астрономиялық жаттығуларға қатысып қайтты.
Оқушыларды маңызды жаттығуға дайындаған және саяхат жауапкершілігін орындаған-мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Назарбек Жанар Мейрамбекқызы.
Оқушылар апта бойы қызғылықты дәрістер мен тәжірибе алаңдарына қатысып, жаңа достармен табысты. Қаланың көрікті жерлеріне саяхаттап, оқу мен демалысты ұтымды ұштастырып қайтты.

“ЕСЕНБЕРЛИН ТАҒЫЛЫМЫ» атты ІІ қалалық ғылыми- практикалық конференциясы

“ЕСЕНБЕРЛИН ТАҒЫЛЫМЫ» атты ІІ қалалық ғылыми- практикалық конференциясы

Бүгін Нұр- Сұлтан қаласы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының І. Есенберлин атындағы # 67- ші гимназиясымен бірлесе өткізген “ЕСЕНБЕРЛИН ТАҒЫЛЫМЫ» атты ІІ қалалық ғылыми- практикалық конференциясына қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды:

🥈Жырладым бір ұлыңды, аяулы елім…» – жас ақындар байқауы бойынша 9-сынып оқушысы Аманкелді Әмина 2-орын, жетекшісі-Дүйсенова Қуанышгүл Қадіршінқызы;

🥉”Өмір шындығы- өнер шындығы» – жазушының еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысынан 9-сынып оқушысы Амалбек Ақерке 3-орынға ие болды. Пән мұғалімі-Оспанов Мұратбек Бүркітұлы;

“І. Есенберлин шығармаларындағы тарихи тұлғалар…» – бейнероликтер байқауы бойынша 9-сынып оқушысы Маерман Арсен (жетекшісі-Дүйсенова Қ. Қ.) грамота иегері болды.

Мектеп оқушыларының жол көлік жарақатының деңгейін төмендету

Мектеп оқушыларының жол көлік жарақатының деңгейін төмендету

Мектеп оқушыларының жол көлік жарақатының деңгейін төмендету, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жолда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын бекіту мақсатында 16.02.2022ж. мектебімізде Алматы ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы С.А . Анваров 4 – сынып оқушылары арасында <<Балалардың жолдағы қауіпсіздікгі >>атты алдын алу іс-шарасы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.

Балалардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу. Өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту мақсатында мектеп «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері 1-2 сынып оқушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар сергек көңіл күймен сабақтарына аттануда.
Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.

ӨТКЕНІҢДІ ТАНЫМАЙ, КЕЛЕШЕГІҢДІ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС

ӨТКЕНІҢДІ ТАНЫМАЙ, КЕЛЕШЕГІҢДІ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС

⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐
«ӨТКЕНІҢДІ ТАНЫМАЙ, КЕЛЕШЕГІҢДІ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС»
Бүгін 5 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісі Гүлнұр Болысбекқызымен мектебіміздегі «Райымбек батыр» мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар мұражайдағы жәдігерлер мен экспонаттар, Райымбек батырдың қару-жарақтарымен, өмірімен толығырақ танысты. Барлық балалар мұражайды үлкен қызығушылықпен тамашалады. Балалар үлкен ұлы сезім мен патриоттық рухқа бөленіп шықты, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Оқушылар үшін бұл мұражай тәрбиенің қайнар көзі!
⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐

Бейбітшілік пен мейірімділік

Бейбітшілік пен мейірімділік

🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊
Өзін-өзі тану пәнінің апталығы аясында «Бейбітшілік пен мейірімділік» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 1-4 сынып оқушыларының жұмыстары қойылды.
🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊🎈🕊

САЛАУАТТЫ БЕЙСЕНБІ

САЛАУАТТЫ БЕЙСЕНБІ

⚽🤾‍♀️⚽🤾‍♂️⚽🤾‍♀️⚽🤾‍♂️⚽🤾‍♀️⚽🤾‍♂️⚽🤾‍♀️⚽

САЛАУАТТЫ БЕЙСЕНБІ
Спорттық жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етеді. Осыған орай мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары әр бейсенбі күні таңертеңгілік жаттығуларын жасайды. Таңертеңгі жаттығу балаларды күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.
Мақсаты: Балаларға таңертеңгілік жаттығуларды жасату арқылы, балалардың белсенділігін арттыру, қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету.
⚽🤾‍♀️⚽🤾‍♂️⚽🤾‍♀️⚽🤾‍♂️⚽🤾‍♀️⚽🤾‍♂️⚽🤾‍♀️⚽

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы

🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, “Өзін-өзі” тану пәні бойынша жүлделі 1-орынға ие болған 8-сынып оқушысы Бейсеханова Нұрайымды (пән мұғалімі Мұқанова Ғалия Қалыкейқызы) құттықтаймыз! Білім шыңына өрлеуде даңғыл жол, мол табыстар тілейміз!
🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺🕊🌺

Өзін-өзі тану

Өзін-өзі тану

“Өзін-өзі тану”пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бүгін өзін-өзі тану пәні мұғалімі Аяғанова Ақерке Сәрсенбайқызы бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап “Кіріктірілген сабақты құрастыру және өткізу әдістемесі” тақырыбында семинар-сабақ өткізді. Семинар барысында мұғалімдер құнды ой-пікірлерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.

Кітап оқып, рухани бай бол!

Кітап оқып, рухани бай бол!

Мектеп кітапханашысы Алмагүл Қуандыққызының ұйымдастыруымен “Мен оқығанды ұнатамын” жобасы аясында 8 – сыныптармен “Жаныма жақын бір кітап” тақырыбында үздік буктрейлер байқауы өтті. Оқушылар
С. Мұратбеков “Жабайы алма”, Ғ.Мүсірепов “Ұлпан”, Қ. Жұмаділов “Бір ғана ғұмыр”, М.Дулатов “Бақытсыз Жамал”, Ш. Мұртаза “Шақан шері”, О. Бөкей “ Кербұғы” шығармалары бойынша бейнебаяндар түсіріп, ой-пікірлерімен бөлісті.
Кітап оқып, рухани бай бол!