Қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы

Қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Бүгіннен бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі #355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыруымыз керек екенін хабарлаймыз‼️ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ӨКІЛЕТТІГІ ✅Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі: 1) білім алушылардың құқықтарының сақталуына, білім беру ұйымының шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады; 2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді; 3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді; 4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде жетілдіру ұсыныстарын әзірлейді; 5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды; 6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді; 7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді; 8) орта білім беру ұйымы басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі; 9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы есебін тыңдайды; 10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады; 11) білім беру ұйымының қызметімен, білім алушыларға жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі. ✅Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады. ✅Қағидаға сәйкес қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді: 1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; 2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; 3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері(бар болса) 4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан бір ата-ана немесе заңды өкіл 5) қайырымдылық жасаушылар ✅Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. ✅Қамқоршылық кеңестің құрамы кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.     

Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесі жұмысының жылдық есебі


Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесі жұмысының жылдық есебі

  1. 05. 2019ж

Мерекелік көңіл – күй қалыптастыру, бірлік пен достықты нығайту, әлеуметтік байланыстар орнату және дамыту мақсатында қамқоршылар кеңесі біршама жұмыстар атқарды.  Атап айтсақ, 2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында мектебімізде жалпыреспубликалық қайырымдылық «Қамқорлық» акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияны  ұйымдастыру мен өткізуі бойынша мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып,  іс-шаралар жоспары құрылды. Сынып жетекшілер «Қамқорлық» қайырымдылық  акциясының өту барысы туралы ата-аналарға жеткізді. Бұл қайырымдылық акциясына мектебіміздің ата-аналары, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері де белсендік танытты. Акция аясында ата-аналар тарапынан демеушілік танытып,  аз қамтылған отбасылардан  шыққан  жанұяларға киіммен, оқу құралдарымен көмек көрсетті. Көмек көрсеткен ата-аналар:

5 а сынып ата-анасы  К.С.Байтасов (сын.жет. Какежанова К.)

5 ә сынып ата-анасы  Мақсұт Айнагүл (сын.жет. Есілбаева Ұ.)

8 в сынып ата-анасы  Б.Асқарбекова (сын.жет. Ермағанбетова А.)

1 г сынып ата-анасы   Г. Темешбекова киіммен (сын.жет. Ержанова А.)

6 д сынып ата-аналары   (сын.жет. Қ.Дүйсенова)

6 е сынып ата-аналары    (сын.жет. С.Асқарова.)

1д  сынып ата-аналары    (сын.жет. Г. Қабдуалиева)

9 ә сынып ата-аналары    (сын.жет. Т.Тәпиева)

3 д сынып ата-аналары  (сын.жет. А. Бейсеитова )

          2 а сынып ата-аналары   (сын.жет. Н. Төлеубекова)

4 е  сынып ата-аналары   (сын.жет. З. Қангельдиева)

1 ғ сынып ата-аналары   (сын.жет. З. Қангельдиева)

3 г сынып ата-аналары   (сын.жет. Р. Мұқанова )

           6 г сынып ата-аналары (сын.жет. А. Аяғанова )

Сонымен қатар  жекелей де көмек көрсеткен ата-аналарда болды.

9 а сынып ата-анасы А.Базарбаев

8 в сынып ата-анасы С.Бегимов

1а және 2 а сынып ата-анасы  Г. Сұлтансаитова

8 а сынып ата-анасы А.Смагулова

5 ә сынып ата-анасы Мақсұт Айнагүл

1 в сынып ата-анасы  А.Бекежанова

2 а және 3 г  сынып ата-анасы  А. Мұханбетжанова

6а мен 9в сыныптар ата-анасы А. Калимуллина

6 д сынып ата-анасы Г. Махамбетова

 «Қамқорлық» акциясына мектебіміздің ата – аналары, оқушылары, ұстаздары қалыс қалмай бір кісідей қатысты. Акцияға белсенді  қатысқан  ата-аналар мен жекелей көмек көрсеткен  ата-аналарға 1 Наурыз – Алғыс айту күніне байланысты өткен «Менің  анам – алтын!» атты мерекелік кешіне арнайы шақырылып, алғыс жарияланды.

    2019 жылдың 9 сәуір мен 16 сәуір аралығында Ұлттық Дельфийлік ойын бағдарламасы бойынша «Шаттық» қалалық байқауы өткізілді. Байқауға 12 номинация бойынша 75 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша оқушыларымыз 1 алтын медаль, 2 күміс, 3 қола медаль, 3 дипломмен марапатталып, мектеп үлкен жетістіктерге жетті.

Мектебімізде 2019 жылғы 12 сәуір күні халықаралық космонавтика күніне арналған іс-шара өткізілді. Оқушылар  жасаған ғарыш кемесін  ұшырып, Ресейлік мектеппен бірлесе «Гагариндік старт» акциясына үн қосты. «Самғау – Серпін» кластері мектептері №4, 56, 74, 50 мектептің оқушылары «Ғарыш – келешектің кемел жолы» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Төрт мектептен 11 оқушы ғарыш бағытындағы ғылыми жобаларын қорғады.

         6 ә Кадет сыныбының оқушылары Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай 2019 жылғы 19 сәуірінде «Ұлы Жеңіс жолында!» тақырыбынды Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен  кездесу кешін өткізді.

         Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылғы 31 мамырда саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне білім ордамыздағы 8- сынып оқушыларынан 130 бала барып,  рухани азық алып қайтты. Ал 23 сәуірінде негізгі мектеп бітірушілеріне байланысты 9-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында мамандық таңдауға байланысты «Менің  мамандығым» тақырыбында түрлі маман иелерімен кездесу кешін ұйымдастырды.

         2019 жылдың 20-21 сәуірінде «Республикалық жоғары жылдамдық радиотелеграфия – 2019» чемпионаты  өтті. Республикалық чемпионатқа Солтүстік Қазақстан мен  Қарағанды облыстарынан,  Астана мен Алматы қаласынан оқушылар қатысып, Қазғарыш оқушылары жүлделі орындарды иеленді.

Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрін, тілін, дінін, әдет – ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу және ата – ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру мақсатында білім ордамыздың белсенді барлық 1- сыныптың ата-аналары мен оқушылары жыл сайын дәстүрлі түрде наурыз мерекесіне байланысты іс-шара өткізді. 1- сынып ата-аналары  мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өнерлерін ортаға салып және барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, ата-әжелер балаларына ақ тілек-баталарын жаудыртып, әр сыныптың ата-аналары балаларымен өнер көрсетті.

Қамқоршылық кеңесі мектептің білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларына көмектесіп, өз үлестерін қосып отыр. Сөзімнің соңында, елімізде оның ішінде білім саласында болып жатқан оң өзгерістерге белсенді қарап, өз ұл-қыздарымыз оқитын білім ордасына қол ұшын беру, ұстаздарға қолдау көрсету – ата-аналық парызымыз деп есептеймін. Біздің ұстаздарымыз жаңа стандарт талаптарына және бағдарламаларға сай жалпы оқу-тәрбие іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру арқылы және ата-аналармен байланыс жасай келе балаға тәрбие мен білім беруге өз күш жігерлерін аямай жұмсап жұмыс жасауда. Осы бағыттағы тәлім-тәрбие сабақтаса,  ұштаса жүргізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Сондықтан да Елорда мектептерінің арасында шоқтығы биік білім ұямыз «Қазғарыштың» абыройын арттыруға үлес қоса беруге баршаңызды шақырамын!

               Қамқоршылар кеңесінің төрайымы     Шанабаева Бақытхан Қасенқызы