ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-ТӘЛІМДІ ІС

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-ТӘЛІМДІ ІС

Бүгін “SHARE-2” жобасындағы Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейінің өзгеріске бет алған негізгі топ мүшелері мен еріктілер тобына “SHARE-1” дамыту тобының кураторлары, әріптестеріміз көмек қолдарын созып, әдістемелік тренинг өткізді.
#67 мектеп-гимназияның ұстазы Сұлтанбек мырзаның тренерлік етуімен өткен кездесуде зерттеу тәжірибесі жөнінде құнды мәліметтер берілді.

58 мектеп-гимназия кураторлары және педагогикалық шеберлік орталығының тренері Төлеген мырза бүгінгі кездесуге эксперт ретінде қатысты.

Сұлтанбек мырза өткізген тренингтің негізгі мақсаты-алда болатын халықаралық конференцияға дайындық жасау. Тренер “Осы AR-зерттеу жобасына қатысу үшін сіз өзіңізге қандай жауапкершілік алдыңыз?” деген бір ғана сұрағына жауап ала отырып, қатысушылардың өзгеріске дайындық деңгейлерін бағалап үлгерді және аудиторияны бірден өзіне баурап әкетті. Өз тәжірибесінің қызықты сәттерімен бөлісті.
Тренинг барысында алдағы конференцияда қорғалатын кейс-стади бойынша қамтылуға тиісті мәселелер қарастырылды. Ең алдымен постердің тақырыбының өзі әсерлі болуының маңыздылығынан бастап, кезең-кезеңдермен қажетті тұстар бірлесе талқыланды. Практикалық жұмыстар орындалды және постер қорғау кезінде сыни достардың ұсыныстарымен толықтырылды.

50 мектеп-лицей ұжымы Сұлтанбек мырзаға және #58 мектеп кураторларына, ПШО тренері Төлеген мырзаға алғыс білдіреді және бірлескен істерге табыс, оң нәтиже тілейді!
“АДАМ. ЖЕР. ӘЛЕМ”

“АДАМ. ЖЕР. ӘЛЕМ”

“АДАМ. ЖЕР. ӘЛЕМ”
Райымбек батыр мектеп-лицейі оқушыларының командасы физика пәнінің мұғалімі Назарбек Жанар Мейрамбекқызының жетекшілігімен жыл сайын дәстүрлі түрде Алматы қаласы обсерваториясында өтетін астротурнирге қатысып қайтты. Команда құрамында болған оқушылар:

  1. Ақаш Нұрдәулет-11”ә”
  2. Байманова Іңкәр-11 “ә”
  3. Бейсеханова Нұрайым 8 а
  4. Маерман Арсен-9 “в”
  5. Шөптібай Мадияр-9 “в”
    Апта бойы түрлі сайыстарда өз білімдерін көрсетіп, сондай-ақ жаңа білімдер алумен қатар Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхаттап та үлгерген оқушылар білім алуға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, туған елінің, жерінің көркеюіне үлес қосуға шабыттанып, шаттанып, жігерленіп оралды.