Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізілген «Өмір – өзен, жыр-өмір» атты ән-жыр кеші

Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізілген «Өмір – өзен, жыр-өмір» атты ән-жыр кеші

Тасығанда теңіз болып толатын,
Ашынғанда гүлдей қурап солатын.
Өлең үшін өмір сүрген сол ақын,
Мұқағали Мақатаев болатын.
Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізілген «Өмір – өзен, жыр-өмір» атты ән-жыр кешінде ән мен сөзді ұштастыра отырып, тыңдарман жүрегінен жол тапқан,
ерекше дауысымен дараланған Бауыржанқызы Дилфуза және оның оқушылары Елеусизова Томирис, Нәби Нұржау «Қазғарыш дауысы» атағына ие болды.
Құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!

ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ айының 03-05 ақпан күні

ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ айының 03-05 ақпан күні

ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ айының 03-05 ақпан күні «Балалар кітапханасы», «8 минуттық оқу» жобаларының аясында 5-11 сыныптар арасында «Бір кітап – бір сурет» постер қорғау сайысы өтті. Оқушылар оқыған шығармаларын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық тұрғыда қорғап шықты. Бұл сайыс кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оқушылардың көркем ойлауын, шығармашылық қабілетін және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.

«Үлгерім көшбасшысы» конкурсының жеңімпазы атанды!

«Үлгерім көшбасшысы» конкурсының жеңімпазы атанды!

🎉 Құттықтаймыз! 🎉
Мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Семсерхан Олжас директор орынбасарлары арасында өткен қалалық «Үлгерім көшбасшысы» конкурсының жеңімпазы атанды! Бұл — тек жеке жетістік емес, бұл — кәсіби біліктіліктің, табандылықтың, көшбасшылық қасиеттің және білім саласына деген шынайы адалдықтың айқын дәлелі. Әріптестерге үлгі, ұжымға мақтаныш, шәкірттерге сенім сыйлаған бұл жеңіс — қажырлы еңбектің жемісі!

✨ Жаңа белестер, биік мақсаттар, толассыз табыстар тілейміз!
Мәртебеңіз арта берсін, абыройыңыз асқақтай берсін! 💐

Мұғалімдер арасындағы волейбол турнирінде мектеп ұстаздар командасы жүлделі II орынды иеленді!

Мұғалімдер арасындағы волейбол турнирінде мектеп ұстаздар командасы жүлделі II орынды иеленді!

24 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының 10 жылдығына орай өткен мұғалімдер арасындағы волейбол турнирінде мектеп ұстаздар командасы жүлделі II орынды иеленді! Жеңістеріңіз құтты болсын! Биік белестерден көріне беріңіздер! 👍🏻👏

📚 «Білім – таусылмайтын қазына»

📚 «Білім – таусылмайтын қазына»

📚 «Білім – таусылмайтын қазына»

L.N. Gumilyov атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен химия олимпиадасының қалалық кезеңінде 8 «Е» сынып оқушысы Қасен Меруерт 🏆 II орын иеленді.

Бұл жетістік — табандылық пен ізденістің, білімге деген құштарлықтың айқын көрінісі.
👏 Оқушыны жоғары деңгейде дайындағаны үшін жетекшісі — Сапарбаева Маржан Жарылқасынқызына алғысымызды білдіреміз!
✨ Меруертке алдағы білім бәйгелерінде толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!

🎨⚖️ «Заң балалардың көзімен» ⚖️🎨

🎨⚖️ «Заң балалардың көзімен» ⚖️🎨

2026 жылдың 23 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер байқауы өтті. Кішкентай оқушылар заң мен тәртіп ұғымдарын өз көзқарасымен, қиялымен және бояу тілімен әсерлі жеткізе білді. Байқауға 1–4-сынып оқушыларының 48 жұмысы қабылданып, мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Нәтижесінде үздік деп танылған жұмыстар әлеуметтік желіде жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.
🥇 І орын – Сыр Сармат
🥈 ІІ орын – Абдуллаева Айым (4 «Е»), Ацғанбай Нұрислам (2 «Г»)
🥉 ІІІ орын – Исмағамбетов Хамза (4 «Ғ»), Усманова Луйза (1 «Д»), Ақтайлақ Зейнеп (4 «Д»), Әлішер Перизат (1 «А»), Еркін Инаят, Хасенова Зере 1Д. Құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
✨ Балаларымыздың шығармашылығы мен заңға деген көзқарасы – жарқын болашақтың негізі! ✨

2026 жылғы 20 қаңтарда «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттердің алдын алу және олардың адам өміріне тигізетін кері әсері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аталған жұмыс аясында 9-сыныптарға берілген тақырыптар бойынша мағыналы, сапалы плакаттар мен қабырға газеттерін дайындау тапсырылды. Оқушылар өз жұмыстарын шығармашылық тұрғыда орындап, тақырып мазмұнын толық ашып көрсетті. Атап айтқанда:
9 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптары – «Есірткіге жол жоқ!»;
9 «Г», «Ғ», «Д» сыныптары – «Өмірді таңда, есірткіден бас тарт» тақырыптарында плакаттар мен қабырға газеттерін дайындады.

Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік

Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік

Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік
Ер азамат — тек күштің иесі емес, ол — намысты қорғап, жауапкершілік көтере білетін тұлға. Мектебімізде 8–11 сынып ұл балалары мен әкелердің қатысуымен «Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.