Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізілген «Өмір – өзен, жыр-өмір» атты ән-жыр кеші

Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізілген «Өмір – өзен, жыр-өмір» атты ән-жыр кеші

Тасығанда теңіз болып толатын,
Ашынғанда гүлдей қурап солатын.
Өлең үшін өмір сүрген сол ақын,
Мұқағали Мақатаев болатын.
Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізілген «Өмір – өзен, жыр-өмір» атты ән-жыр кешінде ән мен сөзді ұштастыра отырып, тыңдарман жүрегінен жол тапқан,
ерекше дауысымен дараланған Бауыржанқызы Дилфуза және оның оқушылары Елеусизова Томирис, Нәби Нұржау «Қазғарыш дауысы» атағына ие болды.
Құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!

ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ айының 03-05 ақпан күні

ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ айының 03-05 ақпан күні

ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ айының 03-05 ақпан күні «Балалар кітапханасы», «8 минуттық оқу» жобаларының аясында 5-11 сыныптар арасында «Бір кітап – бір сурет» постер қорғау сайысы өтті. Оқушылар оқыған шығармаларын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық тұрғыда қорғап шықты. Бұл сайыс кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оқушылардың көркем ойлауын, шығармашылық қабілетін және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.