«Балақайлар» мектебі

Біздің «Балақайлар мектебіне» қабылдау басталғанын қуана хабарлайды.
Егер Сіздің балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған өмірдің ең үздік бастамасын жасағыңыз келсе, бізге қош келдіңіз!

Сіз үшін не ұсынамыз:
  • Тәжірибелі педагогтармен интерактивті сабақтар.
  • Ойындар мен шығармашылық арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу және математикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар.
  • Жайлы және қауіпсіз атмосфера.
  • Әр балаға жекелей тіл табу.
Кестесі және шарттары
  • Оқыту мерзімі: 2024 жылғы 3 маусым – 29 тамыз аралығы.
  • Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 11:30-ға дейін өткізіледі.
  • Топтың құрамы 10 адамға дейін.
  • Мекенжай: Күйші Дина, 6

Байланыс үшін телефон нөмірі

Кезеңдер бойынша жауапты мұғалімдер:

1-кезең: Ержанова Айгул Тургамбаевна Тел:+7 747 392 49 81

2-кезең: Шаяхметова Бибизия Сандибековна Тел: +7 707 212 16 20

3-кезең: Махадиева Бакытгүл Омирбековна Тел: +7 707 886 79 52

03.06.2024 жыл.

«Өзім туралы» тақырып бойынша «Ыстық картоп» ойыны арқылы балақай аты-жөнін және жасын айтты. «Кімнің добы қақпаға түсті?» ойыны арқылы топтағы балақайлар бір-бірінің есімдерін атап, есте сақтау жаттығуына қатысты. Әр ойыннан кейін кері байланыс жасап, есінде қалған сөздерді айтып жаттықты. «Санамақ ойыны барысында әр балақай қолындағы дөңгелектің санын санап, цифр жазылған орындықтан орнын тауып отыру барысында тағыда өз есімін қайталап айтуға мүмкіндік алды. Фигураларды, сызықтарды бастырып жазу барысында саусақтарға нейро жаттуғыларын жасады. Жетекші сұрақтар арқылы балақайлар өз ойын еркін айтуға талпынды.

04.06.2024 жыл.

«Балақай мектебінің» екінші күні. Әрқайсысы өз отбасы мүшелері туралы ақпарат беруге тырысты. Қауіпсіздік ережесімен танысты. Қағаз жолақшаларынан адамның сұлбасын жасап, оңға, солға, артқа, алға қимылдата отырып бағыттармен танысты. Элементтерді сызу барысында ұсақ қол маторикасына жаттығу жасады.

05.06.2024 ж.

Балақай мектебінің үшінші күні. Топта достық қарым-қатыс қалыптастыруға балақайлар белсене қатысты. Сиқырлы қораптың ішінен айна арқылы «өзім» деген сөзді айтуға жаттықты. Әрі өзінің бейнесін көріп, мақтаныш сезімге ие болды. Жүрекше арқылы сыныптағы досын атап, қуаныш сыйлады. Өзінің қолы мен саусақтарын пайдалана отырып дельфиннің суретін салды. Дельфиннің суретіндегі фигуралардың аттарын атап, оны бояды. Ұсақ қол маторикасына жаттығу жасады.

06.06.2024 ж.

Балақай мектебінің төртінші күні. Балақайлар мектеп ауласына шығып қоршаған ортамен танысты. Қойылған көмекші сұрақтарға жауап беру арқылы көргендерін айтуға талпынды. Қоршаған орта туралы білімін сурет салу барысында қолданды. Целлофан қалта мен құлақ тазалайтын мақта таяқшаны пайдаланып сурет салды. Бұл заттармен жұмыс істеу арқылы балақайлардың шығармашылық қызығушылығын оятуға мүмкіндік берілді. Таңдап алынған жазу элементтеріде қоршаған орта туралы білімдерін толықтыруға тиімді болды. Элменттерді жазып, оны боя кезінде ұсақ қол жаттығу жасады.

07.06.2024 ж.

Балақай мектебінің бесінші күні. Өздері қандай сүйікті іспен айналысатыны туралы диалог құрды. Алдыңғы күндерге қарағанда балақайлар қысылмай, ұялмай, тартынбай әңгіме қосылды. Тіпті Ирэн деген қызымыз «Ана» туралы әнін орындап берді. Шеберде тұрып бір-бірінің арқасына сурет салу арқылы қимыл жасады. Әріп элементерін жасзу кезінде ұсақ қол маторикасына жаттығу жасады.

10.06.2024 ж.

Балақай мектебінің алтыншы күні. Сынып бөлмесіндегі заттарға ұқыпты қарау керектігі жайында танысты. «Оқу құралдары хикаясы» ертегісін тыңдады. Балақайлар оқу-құралдарын атап, оны ұқыпты ұстау керектігін түсінді. Компьютер бөлмесіндегі жабдықтармен танысып, геометриялық фигураларды құрастырып, оларды бояды. «Шардағы әріп» ойынына барлық балақайлар қатысып, оны дыбыстап үйренді. Сол әріпті қақпақтарда, қағаздарда жазылған әріптердің арасынан тауып, дыбыстап айту арқылы жаққа жаттығулар жасады. Әріп элементерін жазып жаттығу барысында ұсақ қол маторикасын жасады.

11.06.2024 ж.

Балақай мектебінің жетінші күні. Балалқайлар мектеп асханасына келіп, асхана қызметкерлерінің еңбегімен, үстел басындағы қауіпсіздік ережелерімен танысты. Асханадан дәм татып, асхана қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. «Бидай» өлең шумағын жаттап, қимылмен айтып берді. 2 санының элементін жазып үйренді. 1 мен 2 цифрын бір-бірінен ажыратуға практикалық жұмыстар жасады. Жазу барысында ұсақ саусақ маторикасын жасады.