ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ – БІЛІМГЕ БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ – БІЛІМГЕ БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Әліппемен қоштасу» атты әсерлі мерекелік іс-шара өтті.
Аталмыш шараға 168 оқушы қатысып, алғашқы оқулығымен қоштасып, білім әлеміне сенімді қадам жасады. Әріп танып, оқуға үйренген бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, өлең оқып, ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл күн – оқушылар үшін де, ата-аналар мен ұстаздар үшін де ерекше әрі есте қаларлық сәт болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған