АШЫҚ МЕКТЕП-АШЫҚ БЮДЖЕТ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің коммуналдық-мемлекеттік мекемесі “Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейінің директоры Болатаева Роза Аблакимовна “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру, ашықтықты қамтамасыз ету, ата-аналарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында ата-аналар мен мектептің қамқоршылық кеңесі алдында кезекті есеп беру жиналысын өткізді.
Дәстүрлі қаржылық есеп беру жиналысында қатысушылар мектептің 2022 жылға арналған бюджеті және оның жұмсалуы бойынша толыққанды ақпарат алды. Мектептің жылдық бюджетінің әр специфика бойынша көлемі туралы ашық түрде айта отырып, бүгінге күнге дейінгі жұмсалуына жеке-жеке тоқталды. Бюджет туралы ақпараттың мектеп сайтында және бюджеттің интерактивті картасында тұрғанын, оның кез келген адам үшін қолжетімді екенін атап көрсетті.
Жабдықталған, сатып алынған соңғы модификациялы кабинеттер, кітапхана, спортзалы, коворкинг-алаң, оқушылардың үзілістердегі демалысына арналған бұрыштар туралы айтылып, бейнефильм арқылы көрсетілді.
Мектеп басшысы білім алушылардың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мақсатында оқу жылы бойы атқарылып келе жатқан әділдік, адалдық сағаттары, мен адами құндылықтар насихатталған тәрбие жұмыстарына да кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ мектеп басшысы ата-аналардан мектеп қажетіне деп ақша жинауға жол бермеудің қатаң қадағаланатыны, мерекелерде мұғалімдердің ата-аналардан сыйлықтар алуына үзілді-кесілді тыйым салынғаны және қатаң бақыланатыны туралы ерекше тоқталып кетті.
Ата-аналарға “Жазғы мектеп” жұмысы, жазғы лагерлер:

  1. Мектеп жанындағы лагерь;
  2. Қала сыртындағы “Арман”, “Боровичок” лагерлері
    туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар тегін лагерлер “Дидарлы жаз”, Әскери-патриоттық лагерлер туралы егжей-тегжейлі айтылып, ата-аналардың сұрақтарына жауаптар берілді.
    Аз қамтылған отбасы балалары қатысатын “Жасыл ел” бағдарламасы жайлы да толықтай түсіндірілді.
    Әр ата-ананың мектеп басшысымен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі барын, ата-аналардың WatsApp желісіндегі чаттарында өзінің жеке телефон нөмірі үнемі берілетінін және ата-аналарды 24/7 уақыт тыңдауға дайын екенін айтып, есеп беру жиналысын аяқтады.