МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Мектеп формасы туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес

✅ Мектеп формасының түсі-қою көк.
✅ Форманың үлгісі классикалық стильде сақталсын.
🔵 Ұл балаларға арналған мектеп формасы:
Пиджак, жилет, шалбар, ақ түсті салтанатты көйлек, күнделікті ақ көйлек (суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка). Ұл балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұруы тиіс.
🔴 Қыз балаларға арналған мектеп формасы: Пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водалазка ). Қыз балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұруы тиіс.

❗Сондай-ақ, мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес бағалы әшекейлер тағуға, талапқа сай келмейтін киімдер киюге рұқсат етілмейді.
Әртүрлі дін өкілдерінің діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол бермеу қажет

✨ Ұлттық киім — ұлттың рухы, тарихы мен мәдениетінің айнасы! ✨
Жұма — ұлттық құндылықтарды дәріптеу күні. Осы күні 7 «Е» және 6 «В» сынып оқушылары дәстүр мен заманауи стильді үйлестіре отырып, ұлттық киімнің өзіндік, креативті нұсқаларын ұсынды.
Бұл тек сән емес —
Бұл тамырға тағзым,
Бұл рухқа тағылым,
Бұл — болашаққа жолдама!
👏 Жарайсыңдар, жас дизайнерлер! Ұлттық мұрамызды жаңаша танытып, шығармашылықпен көркемдей білгендерің үшін 6 «В» сынып жетекшісі Қуанышкүл Кәдіршінқызына және 7 «Е» сынып жетекшісі Арайлым Самратқызына зор алғыс!
✨ Ұлт рухы ұрпақпен бірге жасай берсін! ✨