2026 жылғы 20 қаңтарда «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттердің алдын алу және олардың адам өміріне тигізетін кері әсері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аталған жұмыс аясында 9-сыныптарға берілген тақырыптар бойынша мағыналы, сапалы плакаттар мен қабырға газеттерін дайындау тапсырылды. Оқушылар өз жұмыстарын шығармашылық тұрғыда орындап, тақырып мазмұнын толық ашып көрсетті. Атап айтқанда:
9 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптары – «Есірткіге жол жоқ!»;
9 «Г», «Ғ», «Д» сыныптары – «Өмірді таңда, есірткіден бас тарт» тақырыптарында плакаттар мен қабырға газеттерін дайындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған