ӨТКЕНІҢДІ ТАНЫМАЙ, КЕЛЕШЕГІҢДІ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС

⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐
«ӨТКЕНІҢДІ ТАНЫМАЙ, КЕЛЕШЕГІҢДІ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС»
Бүгін 5 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісі Гүлнұр Болысбекқызымен мектебіміздегі «Райымбек батыр» мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар мұражайдағы жәдігерлер мен экспонаттар, Райымбек батырдың қару-жарақтарымен, өмірімен толығырақ танысты. Барлық балалар мұражайды үлкен қызығушылықпен тамашалады. Балалар үлкен ұлы сезім мен патриоттық рухқа бөленіп шықты, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Оқушылар үшін бұл мұражай тәрбиенің қайнар көзі!
⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐♡⭐

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған