2021 жылғы 3 маусымда Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейінде мектеп әкімшілігінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

❇️2021 жылғы 3 маусымда Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейінде мектеп әкімшілігінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
❇️Білім ұясының қамқоршылық кеңесі қатысқан есепті жиында мектеп директорының орынбасарлары өздерінің жауапты учаскелері бойынша атқарылған жұмыстарына сараптама жасап, алдағы оқу жылының міндеттеріне тоқталды.
❇️Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін толғандырған сұрақтар:
-Қашықтан оқу форматының білім сапасына әсері қалай болды? Цифрлық сауаттылық деңгейі қандай дәрежеде?
-Мектептегі қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша қандай шаралар жүзеге асуда?
-Балаларды кітап оқуға қызықтырудың қандай жаңа тәсілдерін ұсынасыздар?
-Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, рухани жаңғыру бағдарламаларыңыз қандай?
-Қаржылық ақпараттың қолжетімділігі бойынша тағы қандай қосымша шаралар қабылдануда?
т.с.с.
❇️ Өз кезегінде сөз алған мектеп-лицей директоры
Р. А. Болатаева орынбасарлары берген сараптамалық есептердің түйіні ретінде SWOT-талдау жасап, мектеп жұмысының жақсартуды қажет ететін тұстарына тоқталды:
📌Академиялық адалдыққа баулу жұмыстарын күшейту;
📌Ашықтықты дамыту;
📌Авторлық жұмыстар жазу және қорғау, таратуды белсенді ету;
📌Тұлғаға бағытталған оқыту және тәрбиелеу: әр баланың жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін ескере дамыту;
📌Жайлы мектеп, жағымды орта қалыптастыру бойынша жаңа, креативті жобаларды енгізу;
📌 Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бағытында қосымша үйірмелер ашу;
📌 PISA халықаралық тестілеуіне жүйелі дайындық жүргізу;
❇️ Жиын соңында сөз алған қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шанбаева Бақыт Қасенқызы әкімшілікке сараптамалық есептері үшін алғысын айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған