“МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП…”

“МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП…”
📚📒📕📚
READx форматындағы іс-шарадан

Бүгін Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейінің бір топ кітапсүйер оқушылары мен ұстаздары Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы Білім беруді жаңғырту орталығының “ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” жобасы аясында ұйымдастырған
“Мен оқыған бір кітап” атты READx форматындағы іс-шарасына қатысты.
Спикерлер өздері оқыған және өздері құрастырып, басып шығарған кітаптарын көпшілік назарына қызықты етіп ұсынды.
Спикерлер қатарында болған мектеп директоры Болатаева Роза Әбләкімқызы іс-шара соңында АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.
Кітапсүйер қауым қатарының жылдан жылға молая түсуі-көңіл марқайтатын қуаныш!
Оқуға құштар жандар көп болсын деп тілейміз және
Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасына, Білім беруді жаңғырту орталығына алғысымызды білдіреміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған