
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады.
1-сыныпқа білім деңгейіне қарамастан 6 жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Бала білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұруы тиіс. Төмендегі құжаттар қажет:
- Өтініш
- 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет
- № 065 медициналық анықтама («Профилактикалық екпелер картасы»)
- № 026 медициналық анықтама («Баланың денсаулық паспорты»)
өтініштерді «электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы арқылы беруге болады: