




Мектеп формасы туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес
✅ Мектеп формасының түсі-қою көк.
✅ Форманың үлгісі классикалық стильде сақталсын.
🔵 Ұл балаларға арналған мектеп формасы:
Пиджак, жилет, шалбар, ақ түсті салтанатты көйлек, күнделікті ақ көйлек (суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка). Ұл балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұруы тиіс.
🔴 Қыз балаларға арналған мектеп формасы: Пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водалазка ). Қыз балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұруы тиіс.
❗Сондай-ақ, мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес бағалы әшекейлер тағуға, талапқа сай келмейтін киімдер киюге рұқсат етілмейді.
Әртүрлі дін өкілдерінің діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол бермеу қажет