

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🌹🌹🌹
Қалалық Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына арналған «Қайым оқулары» байқауында шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болды:
🔹 «Қайым – медиа образ» (инфографика/постер) номинациясы бойынша
Даулетұлы Дінмұхаммед, 10 «А» сынып оқушысы — ІІ орын
Жетекшісі: Дүйсенова Қуанышкүл Қадіршиновна
🔹 «Қайымға хат» номинациясы бойынша
Тлеубай Әсем, 8 «Б» сынып оқушысы — І орын
Жетекшісі: Қошқарова Зухра Қошқарқызы
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекші ұстаздарды зор жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз! 🔥✨