✨ Ұлттық киім — ұлттың рухы, тарихы мен мәдениетінің айнасы! ✨

✨ Ұлттық киім — ұлттың рухы, тарихы мен мәдениетінің айнасы! ✨

✨ Ұлттық киім — ұлттың рухы, тарихы мен мәдениетінің айнасы! ✨
Жұма — ұлттық құндылықтарды дәріптеу күні. Осы күні 7 «Е» және 6 «В» сынып оқушылары дәстүр мен заманауи стильді үйлестіре отырып, ұлттық киімнің өзіндік, креативті нұсқаларын ұсынды.
Бұл тек сән емес —
Бұл тамырға тағзым,
Бұл рухқа тағылым,
Бұл — болашаққа жолдама!
👏 Жарайсыңдар, жас дизайнерлер! Ұлттық мұрамызды жаңаша танытып, шығармашылықпен көркемдей білгендерің үшін 6 «В» сынып жетекшісі Қуанышкүл Кәдіршінқызына және 7 «Е» сынып жетекшісі Арайлым Самратқызына зор алғыс!
✨ Ұлт рухы ұрпақпен бірге жасай берсін! ✨

Қалалық Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына арналған «Қайым оқулары» байқауында шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болды:

Қалалық Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына арналған «Қайым оқулары» байқауында шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болды:

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🌹🌹🌹

Қалалық Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына арналған «Қайым оқулары» байқауында шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болды:

🔹 «Қайым – медиа образ» (инфографика/постер) номинациясы бойынша
Даулетұлы Дінмұхаммед, 10 «А» сынып оқушысы — ІІ орын
Жетекшісі: Дүйсенова Қуанышкүл Қадіршиновна

🔹 «Қайымға хат» номинациясы бойынша
Тлеубай Әсем, 8 «Б» сынып оқушысы — І орын
Жетекшісі: Қошқарова Зухра Қошқарқызы

Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекші ұстаздарды зор жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз! 🔥✨

Сейсенбі күні «Денсаулық» күні

Сейсенбі күні «Денсаулық» күні

Сейсенбі күні «Денсаулық» күні аясында 1–11 сынып оқушылары сабақ басталар алдында және үзіліс кезінде сергіту жаттығуларын орындады. Бұл іс-шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрі болды.

Заң және тәртіп айлығы аясында

Заң және тәртіп айлығы аясында

📌 Заң және тәртіп айлығы аясында

2026 жылғы 9 қаңтар күні мектебімізде 9-сынып оқушыларына арналған «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс сабағы өтті. Дәрісті Астана қаласы Дін істер басқармасының қолдауымен «Қамқор-Астана» қоғамдық қорының лектор-теологы Мұратбек Дәрібай өткізді.

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ – БІЛІМГЕ БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ – БІЛІМГЕ БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ – БІЛІМГЕ БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Әліппемен қоштасу» атты әсерлі мерекелік іс-шара өтті.
Аталмыш шараға 168 оқушы қатысып, алғашқы оқулығымен қоштасып, білім әлеміне сенімді қадам жасады. Әріп танып, оқуға үйренген бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, өлең оқып, ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл күн – оқушылар үшін де, ата-аналар мен ұстаздар үшін де ерекше әрі есте қаларлық сәт болды.

1–11 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға және ата-аналарға қауіпсіздік, жауапкершілік және тәртіп тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

📌 Қауіпсіздік – басты назарда!

1–11 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға және ата-аналарға қауіпсіздік, жауапкершілік және тәртіп тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

❄️ Қыс мезгіліндегі суық ауа райында сақтық шараларын сақтау,
🔥 тез тұтанатын жанғыш және жарылғыш заттардың адам өміріне қауіптілігі,
⚠️ төтенше жағдайлардың алдын алу және жеке жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сынып сағаты қатысушылардың қауіпсіздік ережелері жөніндегі білімін арттырып, өмірі мен денсаулығын қорғауда жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.

👉 Қауіпсіз орта – ортақ міндет!

23 желтоқсанда «Оқуға құштар мектеп-2025» қалалық байқауында Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай «Бақытсыз Жамал» романы бойынша шығармашылық қойылым көрсетілді.

23 желтоқсанда «Оқуға құштар мектеп-2025» қалалық байқауында Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай «Бақытсыз Жамал» романы бойынша шығармашылық қойылым көрсетілді.

🎭 «Балалар кітапханасы» жобасы»

23 желтоқсанда «Оқуға құштар мектеп-2025» қалалық байқауында Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай «Бақытсыз Жамал» романы бойынша шығармашылық қойылым көрсетілді.

Ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар белсенді қатысып, өздеріне берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындап, бас жүлдені жеңіп алды! 🏆

Нағыз оқуға құштар мектеп екенін дәлелдеді. Құттықтаймыз! 👏
📖 Кітап оқып, трендте болайық!

«Ой мен Ойын» – ой жарысы, сөз сайысы!Тәуелсіздік күніне арналған танымдық сайыста 3 команда білім мен өнерін көрсетіп, өзара әділ бәсекеге түсті.

«Ой мен Ойын» – ой жарысы, сөз сайысы!Тәуелсіздік күніне арналған танымдық сайыста 3 команда білім мен өнерін көрсетіп, өзара әділ бәсекеге түсті.

«Ой мен Ойын» – ой жарысы, сөз сайысы!
Тәуелсіздік күніне арналған танымдық сайыста 3 команда білім мен өнерін көрсетіп, өзара әділ бәсекеге түсті.

🏆 І орын – «Желтоқсан желі» командасы
Команда құрамы:
✨ РайханЕлеусизова – топ жетекшісі
✨ Роза Жалғаспай
✨Темірлан Әлтаев
✨ Айгүл Ербосын
✨ Қуанышкүл Кәдіршінқызы
👏 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Білімділердің бәйгесі жалғаса берсін!

«АКСАУЫТ» батырлар жыры байқауының жеңімпазы! ✨ 8 «Ә» сынып оқушысы Бейсембек Нұрсая

«АКСАУЫТ» батырлар жыры байқауының жеңімпазы! ✨ 8 «Ә» сынып оқушысы Бейсембек Нұрсая

«АКСАУЫТ» батырлар жыры байқауының жеңімпазы! ✨

12 желтоқсан – Бірлік пен Ынтымақ айында, «8 минуттық оқу» жобасы аясында өткен «АКСАУЫТ» батырлар жыры байқауында 8 «Ә» сынып оқушысы Бейсембек Нұрсая топ жарып, жеңімпаз атанды!

👩‍🏫 Сынып жетекшісі: Азимбаева Айдана Байзаққызы

Нұрсаяны шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңғырып тұрған ұлттық рухымызды насихаттап, биіктерден көріне бер!

Эмоцияны түсіну – өзін танудың алғашқы қадамы.

Эмоцияны түсіну – өзін танудың алғашқы қадамы.

🟢 Эмоцияны түсіну – өзін танудың алғашқы қадамы.
10-сынып оқушыларына арналған «Өз эмоцияңды қалай қабылдау керек?» тренингі өтті. Оқушылар эмоция түрлерін танып, жағымсыз сезімдерді дұрыс басқару тәсілдерін үйренді. Практикалық жаттығулар мен топтық талқылаулар жоғары қызығушылықпен өтті.Тренингті мектеп психологтары Р.Тураев пен И.Қайроллаева жүргізді.