Бүгін Райымбек батыр мектебінің бір топ дарабоз шәкірттері оқу жылында көрсеткен қалалық және Республикалық деңгейдегі бірқатар жетістіктері үшін марапатталды. Мектеп-лицей директоры Болатаева Роза Әбләкімқызы оқушыларға алғысын білдіріп, келешектеріне сәттілік тіледі.
Category: news
ҚҰТТЫ БОЛСЫН, «ҚАЗҒАРЫШ»!


«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында жүлделі орын алу қуанышы құтты болсын!

ОНКҮНДІК ҚОРЫТЫНДЫСЫ
☘️ОНКҮНДІК ҚОРЫТЫНДЫСЫ☘️
Мектеп-лицейде дәстүрлі өтетін ӘБ онкүндіктерінің 2020-2021 оқу жылындағы әдістемелік жұмысын әсемдік пәндер және дене шынықтыру пәндері әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері қорытындылады.
Мамыр айының 6-16 күндері «Тұғыры биік тәуелсіздік» тақырыбында өткен онкүндік өз мәресіне жетті. Мұғалімдер мен білім алушылар ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарында, түрлі көрме жұмыстарында ақпараттық-сандық технологияны жақсы меңгергендерін көрсете алды. Өткізілген әрбір іс-шара бейнероликтер арқылы көпшілікке мерзімді жеткізіліп отырды. Шығармашыл мұғалімдер онкүндікті зор патриоттық сезіммен, әйгілі «Атамекен» әнін орындаумен аяқтады.
«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» еншімізде!
☘️ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» еншімізде! ☘️
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты марапаттау іс-шарасында Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысы, оқуда және қоғамдық өмірде өте белсенді жас өрен Досымбекова Айса Ғалымбекқызы «Елбасы медалі» белгісімен марапатталды!
Айса-азаматтық позициясы айқын, жауапкершілігі зор оқушы. Осы медаль оған оңайлықпен келмеді. Алты ай бойы 7 бағыт бойынша(спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы) табанды түрде тер төкті. Жобаның мақсатының өзі сол-қиындықтарды еңсеруге, түрлі салада өзін жүйелі түрде дамытуға, басқаларға қамқорлық жасауға, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Тамаша жетістік құтты болсын, Айсажан! Алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында үнемі биіктерден көріне беріңіз!!!
«АЛТЫН САҚА» жүлдегері.
2021 жылғы 26 сәуірде «Астана дарыны » дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен “ZERDELI” ақыл – ой дамыту мектебі бірлесе өткізген республикалық математикалық олимпиададан жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталған мектебіміздің 6 «Ғ» сынып оқушысы Сейтбай Алдиярды және пән мұғалімі Бердікенова Майра Слямғазықызын шын жүректен құттықтаймыз!
«Математика-ғылымдар патшасы!» Білім патшалығында еркін құлаштай беріңіздер!!!
“ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА-ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ”

2021 жылдың 28-29 сәуір күндері «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастырған
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» қалалық педагогикалық олимпиадасына қатысқан Райымбек батыр атындағы 50 » Қазғарыш » мектеп- лицейінің 9-сынып оқушыларынан құралған командасы мен жетекшісі-ағылшын тілі мұғалімі Ешмаханова Айгерім Алдамжарқызы жүлделі 2-орынды иеленді.
Мектеп мақтаныштарын шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!
ОНКҮНДІКТІҢ 10 ЖЕТІСТІГІ
Райымбек батыр атындағы #50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде МИФ пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі қорытындыланды.
✅ Онкүндік ғарыштың 60 жылдық мерейтойына арналды.
✅ Онкүндікке бірлестіктің барлық мұғалімдері белсене қатысты. Тәлімді тәжірибе алмасу алаңы орнатылды.
✅ Білім алушылардың белсенділігі онлайн оқудың оңтайлы қырларын көрсетті.
✅ Басқа пән мұғалімдерінің ашық сабақтарға қатысып, кері байланыстарын ұсынуы әріптестік көмек пен қолдау көрсетудің үлгісі болды.
✅ Математика пәнінің шебер ұстазы Асқарбекова Балымгүл Дайрашқызы қалалық «Онлайн-репетитор» жобасына қатысып, қала көлемінде мастер-класс өткізді.
✅ Цифрлық сауаттылықтың ілгерілеген деңгейі көрініс тапты.
✅ Озық тәжірибемен бөлісу мектептік деңгейде қалып қоймай, қалалық, Республикалық деңгейге құлаш ұрғаны қуанышты жаңалық болды.
✅ Нақты пәндерге қызығушылығы басым оқушылар қатары жаңа есімдермен толықты.
✅ Математика, информатика, физика пәндері арқылы ғарыштық білімге баулу мақсаты ұтымды жүзеге асырылды.
✅ Келесі онкүндіктің мақсат-міндеттері айқындалды.
12 СӘУІР – БҮКІЛӘЛЕМДІК АВИАЦИЯ ЖӘНЕ КОСМОНАВТИКА КҮНІ
ҒАРЫШ-ҒАЖАП ӘЛЕМ! Ғарыш-құпиясы мол ғажап әлем, көптеген жұлдыздар мен ғаламшарлардың мекені, керемет кеңістік! Ежелден-ақ адамзат аспанда қалықтап ұшуды армандаған. Осы армандар негізінде ұшақ, тікұшақ, зымыран секілді әуекөліктері ойлап табылды. Осыдан дәл 60 жыл бұрын 12 сәуір күні адамзат алғаш рет ғарышқа қазақ жерінен аттанды! Ғарышқа тұңғыш саяхат жасаған Юрий Гагарин болса, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров болды. Ғарыш сапарын жалғастырған Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сияқты батыр ағаларының жолын қууды ниет еткен «Қазғарыш» мектеп-лицейі оқушыларының ғарышқа қызығушылықтары қандай? Мектебімізде «Ғарыш» атты тылсым дүние, ғажап әлемге деген қызығушылықты қалыптастыруда біршама жұмыстар жүзеге асуда. Бірнеше түлек авиация мамандығын алып, бүгінде еңбекке араласа бастады. Тек өткен оқу жылының өзінде ғана оқушымыз Әбдікерім Арыстанбап ғарыш тақырыбындағы ғылыми жұмысын Бразилияда өткен xалықаралық ғылыми жобалар сайысында алтын медальға қорғап, соңынан Мәскеу авиациялық институтының грантын ұтып алды. Бүгінде аталған оқу орнының үздік студенті. Биылғы оқу жылында ғарыш тақырыбын зерттеп жүрген оқушыларымыз аз емес. «Зымыран тасығыштарды қоршаған ортаға, зиянсыз ғарыш кеңістігіне шығару тәсілдерін зерттеу» тақырыбын Сабырбаев Темірлан, «Шағын ғарыштық аппараттарды жобалау» тақырыбын Құралова Айым, «The Greeny құрылғысы көмегімен қоршаған ортаны жақсарту»тақырыбын Сражадин Мади қалалық ғылыми жобалар сайысында қорғап, Республикалық ғылыми жобалар сайысында жүлделі орындар иеленді. Мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері қалалық ғылыми кеңесте қорғаған «Ғарыш негіздері» бағдарламасы бойынша оқушылар ғарыш негіздерін меңгеруді бастауыштан бастайды. Орта буынға келгенде радиоспорт және радиобайланыс, ракетамодельдеу, робот техникасы, STEМ үйірмелері арқылы ғарыш әлеміне қызығушылықтары арта түседі. Ғарыш әлеміне қызығушылық танытатын оқушылар одан әрі ғылыми жұмыстар жазып, зерттеумен айналысуды жалғастырады. Радиобайланыс үйірмесінде Морзе әліппесін меңгеріп, радиоспортпен шұғылданып жүрген оқушылар республикалық чемпионаттарға белсене қатысып келеді.
Әлемге танымал “Байқоңыр” ғарыш айлағына оқушыларымыздың жыл сайын саяхаттауы дәстүрге айналған. Ғарыш айлағының елімізде орналасуы біз үшін үлкен мәртебе! Ғарышкер батыр ағаларымызды мақтан етеміз және үлгі аламыз!!!

















