ҰБТ-2022: Өзгерістер мен ерекшеліктер.

ҰБТ-2022: Өзгерістер мен ерекшеліктер.
📚📚
Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштер 21 қаңтардан қабылданып, тестілеудің 25 қаңтардан басталғаны белгілі және ол 22 ақпанға дейін жүргізілетін болады.
‼️ҰБТ бойынша есте сақтау керек МАҢЫЗДЫ ақпарат:
💠Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу «1 компьютер -2 камера-1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі.
💠 Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге қосымша тестілеу уақыты (40 минут) беріледі.
💠 Тестілеуге кіргізу кезінде тестіленушілерден тыйым салынған заттар (телефондар, шпаргалкалар және т.б.) анықталған жағдайда – ҰБТ-ға жіберілмейді.
💠 Аудиторияда қатысушылардан тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу автоматты түрде тоқтатылады.
💠 Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (бетперде тағу режим және әлеуметтік қашықтық) қатаң сақталатын болады.

📌Тестілеу залында бейнебақылау📽 жүргізіледі, сондықтан көшіріп алу, фотосуретке түсіріп алу мүмкіндігі болмайды.
Егер ондай жағдай орын алатын болса, барлық бейнежазбалар қайта қаралып, тест тапсырушымен ережелердің бұзылғаны анықталса, оның нәтижесі жойылатын болады.

📌 Есте сақтау үшін: ҚАҢТАР айындағы ҰБТ-ның нәтижесімен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге түсуге болады.
⚜️ ⚜️ ⚜️ ⚜️ ⚜️
Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейін 2021-2022 оқу жылында 83 оқушы бітірмек. Олардың 59-ы қаңтарда өтініш беріп, тестілеуге қатысуды бастап та кетті.
Қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуге жүйелі түрде дайындық жасап жүрген барлық шәкірттерімізге ақ жол, сәтті қорытынды тілейміз!
Ең бастысы-адалдық, өз күшіңе, біліміңе деген сенімділік және батылдық!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған