Кітап оқитын адам – табысты адам

Кітап оқитын адам – табысты адам

Кітап оқитын адам – табысты адам

    Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Табысты әрі білімді адамдардың өзгелерден басты артықшылығы – кітап оқиды.
     Кітап оқып, рухани бай бол!

ҰБТ-2022: Өзгерістер мен ерекшеліктер.

ҰБТ-2022: Өзгерістер мен ерекшеліктер.

ҰБТ-2022: Өзгерістер мен ерекшеліктер.
📚📚
Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштер 21 қаңтардан қабылданып, тестілеудің 25 қаңтардан басталғаны белгілі және ол 22 ақпанға дейін жүргізілетін болады.
‼️ҰБТ бойынша есте сақтау керек МАҢЫЗДЫ ақпарат:
💠Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу «1 компьютер -2 камера-1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі.
💠 Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге қосымша тестілеу уақыты (40 минут) беріледі.
💠 Тестілеуге кіргізу кезінде тестіленушілерден тыйым салынған заттар (телефондар, шпаргалкалар және т.б.) анықталған жағдайда – ҰБТ-ға жіберілмейді.
💠 Аудиторияда қатысушылардан тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу автоматты түрде тоқтатылады.
💠 Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (бетперде тағу режим және әлеуметтік қашықтық) қатаң сақталатын болады.

📌Тестілеу залында бейнебақылау📽 жүргізіледі, сондықтан көшіріп алу, фотосуретке түсіріп алу мүмкіндігі болмайды.
Егер ондай жағдай орын алатын болса, барлық бейнежазбалар қайта қаралып, тест тапсырушымен ережелердің бұзылғаны анықталса, оның нәтижесі жойылатын болады.

📌 Есте сақтау үшін: ҚАҢТАР айындағы ҰБТ-ның нәтижесімен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге түсуге болады.
⚜️ ⚜️ ⚜️ ⚜️ ⚜️
Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейін 2021-2022 оқу жылында 83 оқушы бітірмек. Олардың 59-ы қаңтарда өтініш беріп, тестілеуге қатысуды бастап та кетті.
Қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуге жүйелі түрде дайындық жасап жүрген барлық шәкірттерімізге ақ жол, сәтті қорытынды тілейміз!
Ең бастысы-адалдық, өз күшіңе, біліміңе деген сенімділік және батылдық!!!

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» жастары волейбол ойынынан жарысты.

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» жастары волейбол ойынынан жарысты. Спорттық жарысты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері ұйымдастырды.
Волейбол жарысына мектебіміздің 9- сыныптар арасынан 3 топ қатысты. Спорттық сайыс тартысты өтіп, бәсекеде оқушылар бар шеберліктерін ортаға салды. Сайыс үш кезең бойынша өтіп, жеңімпаздар да анықталды. «Кішкентай алыптар» тобы жеңімпаз атанып, 1-ші орынды иеленді. 2-ші орын «Гидроним» тобына бұйырса, 3-ші орынды «Kids» тобы қанжығалады. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, спорттық жарыстардың жиі өткізілуі жастардың бірлігі мен спорттық ойындарға қызығушылығын арттырады.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»

2022 жылдың ақпан айының 3-4 күндері 2-7 сынып оқушыларына арналған ұлттық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңі өтті.

2022 жылдың ақпан айының 3-4 күндері 2-7 сынып оқушыларына арналған ұлттық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңі өтті.

2022 жылдың ақпан айының 3-4 күндері 2-7 сынып оқушыларына арналған ұлттық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Конкурс мақсаты: кіші және орта жастағы оқушылардың зерттеу-шығармашылық қабілетін дамыту.
Жобаларды қорғау тікелей эфир арқылы көрсетілген байқауда Райымбек батыр атындағы #50 “Қазғарыш” мектеп-лицейінің бір топ оқушылары 🥇🏆жүлделі орындарға ие болды.

⚜️1-орын: Бақыт Ажар, 6-сынып( секциясы-тарих, өлкетану, этномәдениеттану; жетекшісі Есілбаева Ұ. А. )

⚜️⚜️ 2-орын: Темірғали Байбек, 7-сынып(секциясы-тарих, өлкетану; жетекшісі Анашева Г. Б)
-Мейірхан Еңлік, 3-сынып(секциясы-математика, информатика; жетекшісі Шаяхметова Б.С.)
-Асқарбек Айару, Белдібай Назерке, 4-сынып(секциясы-тарих, өлкетану; жетекшісі Қвнгелдиева З. А.)
-Құсайын Ален, Мейрамбек Батухан, 4-сынып(секциясы-робототехника, жетекшісі Ахметова Г.Қ.)

⚜️⚜️⚜️ 3-орын: Қадыр Айша, 7-сынып( секциясы-математика, информатика; жетекшісі Бердікенова М. С.)
-Серік Жұмағали, Мұхаметқалиев Бексұлтан, 5-сынып(секциясы-орыс тілі мен әдебиеті; жетекшісі Зияханова Г.У.)
-Еркін Алдияр, Серік Жан(секциясы-тарих, өлкетану; жетекшісі Қозыбекова А.Ж.)