Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» жастары волейбол ойынынан жарысты.

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» жастары волейбол ойынынан жарысты. Спорттық жарысты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері ұйымдастырды.
Волейбол жарысына мектебіміздің 9- сыныптар арасынан 3 топ қатысты. Спорттық сайыс тартысты өтіп, бәсекеде оқушылар бар шеберліктерін ортаға салды. Сайыс үш кезең бойынша өтіп, жеңімпаздар да анықталды. «Кішкентай алыптар» тобы жеңімпаз атанып, 1-ші орынды иеленді. 2-ші орын «Гидроним» тобына бұйырса, 3-ші орынды «Kids» тобы қанжығалады. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, спорттық жарыстардың жиі өткізілуі жастардың бірлігі мен спорттық ойындарға қызығушылығын арттырады.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған